Президенттікке негізгі үміткер – екеу

Литваның басты сайлау комиссиясы 11 мамыр күні өткен 1-турдың ресми нәтижелерін жариялады. Комиссия мүшелерінің бірауыздан шығарған шешімі бойынша екінші турға 45,92 пайызбен Даля Грибаускайте мен 13,62 пайыз жинаған Зигмантас Бальчитис шықты.

Айта кетейік, бірінші турда президент тағына 7 кандидат таласқан. Жалпы, Литвада мемлекет басшысы жасырын дауыс беру арқылы 5 жылға сайланады. Кандидаттарға жас шектеуі қойылған – 40 жас. Сонымен қатар, Литва Републикасында туып-өскен және соңғы 3 жыл бойы сол елде тұрған болуы тиіс.

Comments are closed.

микро займ на карту