- Advertisement -

Айша бибі ауылындағы тыл еңбеккерлері

127

- Advertisement -

Айша бибі ауылын – батыр аналардың галереясы деуге де болатындай. Олай дейтініміз – осы ауылда 14 тыл еңбеккері тұрады екен. Солардың бірқатарының есімдерін атай кетейік. Олар: Шәкен Тойшыбекова, Алма Сейілханова, Ханипа Арапова, Фатима Қарсыбекова, Балайым Сағындықова, Рапия Асанова, Сәния Шәкірова, Назира Қасымова. Қиын-қыстау шақтарды бастан өткеріп, тарихтың үш кезеңіне куә болып, бүгінде жүзге келген Әлиман Дүзелбаева да осы ауылдық округтің тұрғыны. 

Иә, балалық, жастық шақтары зұлмат жылдармен тұспа-тұс келген аналар қара қазан мен қара баланың қамы үшін ауыр азапқа шыдап, бел жазбай еңбек етті. Бейнет кешті. Бейнеттің зейнеті деген осы емес пе? Бүгінгі бейбіт күнді көрді, тәуелсіз Қазақстанның 25-көктемін қарсы алып отыр. Көктем мерекесі қарсаңында бейбітшілікті жақындатқан аналарды ауыл әкімі Райымбек Сейітов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Райымбек Мұсатаев арнайы құттықтап, сый-сияпат көрсетті.

Ардақ Үсейінова,
«Ақ жол».

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support