- Advertisement -

Қайнекейдің қағытпасы

147

- Advertisement -

Бірде жасы үлкен жазушы Қайнекей Жармағамбетов інісі сатирик Садықбек Адамбековке қаттырақ тиіссе, іні қаламгер дүрсе қоя беріпті.

– Сен менімен байқап сөйлес. Мен қара қыпшақ Қобыланды батырдың тоғызыншы ұрпағымын, – депті қампия сөйлеп.
Сонда ұшқыр ойлы Қайнекей еденге тізер­леп отыра қалып, екі қолын көкке созып:
– О, тоба! Жарық дүние, неткен жалған едің? Соңғы ұрпағың Садықбек болса, қайран Қобыланды-ай… Аруағыңнан айналайын-ай, сенің де тұқымың азайын деген екен-ау, – депті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support