- Advertisement -

Мөлдір өлең тамшылары

126

- Advertisement -

Оқисың ба?
Жазайын мөлдір өлең,
Мөлдір өлең – таңғы шық, мөлдіреген.
Таңғажайып сыр жатыр таңғы шықта,
Оқығанда жүрегің елжіреген.

Мөлдір өлең тұрады тамшылардан,
Әрбір тамшы әуезді ән шығарған.
Әдемі әуенімен жаныңды емдеп,
Көңіліңді кірбіңнен аршып алған.

Үзіліп түсіп өмірдің өзегінен,
Тамшылар тамар тегі кезегімен.
Ол дегенің – сезім ғой, селт еткізіп,
Не айтқың келетінін сезе білген.

Қарашы, сен де оған кіріптарсың,
Әне, тамып келеді тұнық тамшым.
Түсірмей тосып алшы кірпігіңмен,
Көзіңе мөлдіреп кеп тұнып қалсын.

Тұнды ма?
Жаның жылып күлгендейсің,
Өмірді жаңа көріп-білгендейсің.
Мөлдіреген өлеңді оқып болып,
Айналаңа көз салшы, кір көрмейсің.

Оқып көр, жүрегіңнің көзіменен,
Сол жүректің дір етті көзі неден?
Жан дүниең жаңғырып қалғандай бар,
Сұлу сәуле сепкендей сезім өлең.

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support