- Advertisement -

Биік өкше – біз өкше

132

- Advertisement -

Көптеген әйелдер биік өкшелі аяқ киімге әуес болып келеді. Тіпті, әр әйелдің ең кемінде бір биік өкшелі аяқ киімі болатыны белгілі.
Неге сол өкшелі аяқ киімге құмар болдық екен? Әйелдер «Биік өкшелі аяқ киім – ерлерді қаратудың қаруы» деп есептейді. Бірақ, сол аяқ киімнің денсаулыққа зиян екенін олар елемейтін кейіп танытады. Медициналық сараптама нәтижесінде биік өкшелі аяқ киім киетін әйелдердің жасы ұлғайған сайын әртүрлі бүйрек, несеп ауруларына шалдығатыны дәлелденді.
Әйелдер қауымының ұзақ уақыт биік өкшелі аяқ киім киюі аяқ сіңірлерінің созылу аралығын қалыпсыз күйге түсірді. Ал мұндай аяқ киімдерді ұзақ жылдар тұтыну басыңды қатерге тіккенмен бірдей. Бұл үрдіс ұзақ уақытқа жалғасса, 40-тан астам әйел ауруының туындауына себепші екен.
Мысалы, жапон ғалымдары балаға биік өкшелі аяқ киім кигізу денедегі зат алмасу мен қан айналымына әсер етіп қана қоймай, тамаққа тәбетті төмендететінін дәлелдеген. Аялап өсіріп жатқан жасөспірім қыздарымыз дені сау, сұлу, тәрбиелі, салмақты болып өссін десек, биік өкшелі аяқ киімнің зардабынан аулақ жүргеніміз абзал.

Арайлым РАХМЕТОВА,
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support