- Advertisement -

Басқадан биік сол бағың…

100

- Advertisement -

(Мұқағалиға)

Оқыдым, аға, өлеңдеріңді сақталған,
Көп хабар алдым,
Қайғылы, мұңлы шақтардан.
Түсіндім және аяулы жанның бар сырын,
Шәмілге жазған хаттардан.

Тағдырдың көріп тарам да тарам жолдарын,
Қыңбадың бірақ, қырандай қанат қомдадың.
Жүректе қалды,
Жырларың сөнбес жасындай,
Аспантау ақын, басқадан биік сол бағың.

Сынына жүрмін өмірдің мен де езілмей,
Лайланбасыншы мөлдір де тұнық сезім кей.
Дырдуға толы,
Бейхабар қалып тірліктен,
Сәби болғым келер, кейде менің де өзіңдей…

Бексұлтан Қоштаев.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support