- Advertisement -

Балалық па, шалалық па?

144

- Advertisement -

Бейсенбі күні Тараз қаласындағы №21 мектептің 11-сынып оқушысы Алмас Ауғанов газ баллонынан сынып ішіне газ шашып, 39 бала аурухана төсегіне таңылды. Орын алған оқыс оқиғаның жай-жапсары Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеров, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Салтанат Омарбекова, Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы Маржан Қожаева қатысқан баспасөз мәслихатында айтылды.

Мектептің үшінші қабатында өтіп жатқан орыс тілі пәні сабағы кезінде мұғалімнен сұранып шыққан А.Ауғанбаев сол қабаттағы екі сынып кабинетіне кіріп, газ шашқан. Сосын газ баллонды даладағы әжетханаға тастай салған. Өзі уланбаған А.Ауғанбаевтың төменгі қабатқа түсіп бара жатқаны мектептегі бейнебақылауға түсіп қалыпты. Бүгінде ішкі істер органдары тарапынан тергеу амалдары жүргізіліп, жұмыс жалғасуда. Өз әрекетін мойындаған А.Ауғанбаев бұрын мектепішілік және полиция бөлімшелерінің есебіне алынбаған.
«Оқушының әрекеті балалықтан болды. Өзі соңы қандай жағдайға ұласатынын білмегендігін айтып отыр» дейді, Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеров. Әзірге газ баллоны мен улы газ туралы ақпарат жоқ. Осы оқиғаға байланысты мектеп директоры Ғ.Сламов, оның оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Кенжебаева, құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары М.Тұрысбеков, орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Бозтаеваға қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылыпты. Алғашқыда газдан уланып бастары айналып, әлсіздік меңдеген оқушылардың жағдайлары жақсарып, айыққандары шетінен үйлеріне қайтарылуда.

Шынар САҒИЕВА,

«Ақ жол».

In that case it is definitely possible to set up another bank account at a local bank here in seminararbeit schreiben ludwigsburg

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support