- Advertisement -

Ағымдағы жылдың 4 ақпан күні өткізілген қала, аудан, ауылдық округ әкімдерінің есепті кездесулерінен мәлімет

91

- Advertisement -

Облыс бойынша 4 ақпан күні қала, аудан және ауылдық округ әкімдерінің 229 есепті кездесуі өтті. Есеп беру жиынына 26779 тұрғын қатысты. Олардың тарапынан 766 ұсыныс айтылды.

Жамбыл облысы аппаратының мәліметтеріне сүйенер болсақ, 4 ақпанға 32 есеп беру кездесуі жоспарланған. Оған  4534 тұрғын қатысып,оның 102-сі сөз сөйлеген.

 Барлығы 105 ұсыныс енгізілді. Оның 9-ы ауыз суға қатысты болса, 2-і тұрғын үй мәселесіне байланысты көтерілді. Ал 4-еуі жер жөнінде, 17-сі жол құрылысы мен жөндеуге байланысты. 13 мәселе білім, денсаулық сақтау, мәдениет, жөндеу және құрылыс жұмыстарына байланысты болды. Сонымен қатар, 18 сұрақ елді мекендерге газ, электр, телефон желілерін жүргізу жөнінде қойылды. 1 сұрақ санитарлық және экологиялық тазалық, көріктендіру-көгеріштендіруге қатысты болса, 41-і өзге де мәселелерді қамтыды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support