- Advertisement -

Күндестік дейтін қоңырау

339

- Advertisement -

11Ақмарал ЛЕУБАЕВА

Беймәлім өмір қақпаңды аш

Сен мені кешір, аяулым,
Ағымнан саған жарылып,
Ашығын айтар кез келді!
Суымас сезім суынып,
Саған деген кіршіксіз көңіл өзгерді.
Өзгерді.
Өзім де соны кеш сезіп,
Екі ұдай күйді кешемін.
Қалғаны шығар көңілдің,
Кеткені шығар есенің,
Дегеніне ақыл көнбеймін.
Бұрылысында тұрмын көшенің.
Білмеймін қайда бағытым,
Бірақ жүрсем сенімен
Су түбіне тайғанап
Болашағым – батқан тас.
Үмітке қылыш көтертпес,
Күдігімдегі «аттандас».
Маздағы өшкен махаббат,
Бұл жолдан мені ап қалмас.
Сарайыңнан сәулесіз
Сондықтан дұрыс кеткенім.
Беймәлім өмір, қақпаңды аш!

Күндестік дейтін қоңырау

Біреудің жұртта қалған жасығымын.
Қасым Аманжолов.

«Алтын» дейтін адамдар,
Алақан тосты жолыма.
«Тас, құм» дейтін жарандар,
Қиқуын қосты соңыма.
Күндестік дейтін қоңырау,
Қазақтың біткен сорына!

Жаныма жақын жақсы еді,
Танытты жаман жат қылық.
Алды-артын ойлап қойғаны:
Көрсетті көпке сақ қылық.

 

Қақ ортасында теңіздің,
Кемеден кетті лақтырып.
Етіме тісі өтпейтін,
Епсіздерге қойды қаптырып.

Өзі кем ғана көре алмас,
Өзгенің мысқыл артығын.
Топырақпен көмеді,
Тот баспайтын алтынын.

Қайталай алмай құр сүлде,
Жем ілген қыран қарқынын.
Қызыл ет көрсе қарғалар,
Күшейтеді қарқылын.
Көкірек көзі ашылмай,
Көрсоқыр болған көп пенде.
Кімнің дос, кімнің дұшпаны,
Білінеді екен өткелде.

Өзгенің халін түсінер,
Өз басынан өткенде.
Көл екеш көл де мұңаяр,
Аққуы ұшып кеткенде.
Қара басымды «хан» дерсіз,
Қадіріме жеткенде!!!
Бірі боп кетпесеңіз көп пенде…

Ақ бұлтқа арыз айтып

Ақ бұлтқа арызымды айтып,
Алладан келер қарызым қайтып.
Кеткенде білесіз халімді,
Қаққан қазығың тайқып.
Сенгенің серттен тайып,
Күткенің көзден ғайып,
Шайқатылғанда білесіз халімді,
Ескексіз мінген қайық,
Күрсінерсің талай кеудеңді,
Көз жасың шайып …
Егер сүйгенің рас болса.

Жылатқаның неткенің?

Ей, оқтаулы ақ берен, сен ұшқан құсқа епті едің.
Торыңа түстім, ойнадың, сен тойғанша сайрадым.
Өткен соң жұрттың өткелін, «Сендей бұлбұл көп» дедің.
«Көлімді тастап, теңізге ұша алмаймын, жоқ» дедің.

Алдымды Аллам біледі-ай, өзіме аян өткенім.
Болмысы бөтен құс едім, теңім-ау сен де текті едің.
Кінәлі сезім, сонан соң, кеш гүлдеген көктемім.
Уыстап беріп уыңды, ұнатқаның неткенің?
Жарда тұрған тағдырды құлатқаның неткенің?
Жұбату үшін келдім деп, жылатқаның неткенің?

Мен үшін уайым шекпедің, сезімнен мықты деп пе едің?
Жағасын тістеп, шыдадым, төзімнің киіп шекпенін.
Өзіңмен өтті-ау көп керім, жарқ еткен кезім, сәттерім.
Уақыт – емші, жазылар, орыны нала өкпенің.
Өткенді қалдым парақтап, бітірмей кеткен мектебім.

Аласалардан арылып

Тауда жүрмін…. аласалардан арылып,
Ауасы мүлдем кеткен соң қала тарылып.
Ұмай емген ұрпағы едік көк бөрі,
Тағы бір атым тағылық.
Жұлдыз санадым ақ бұлтымды сағынып,
Жоқтадым жылап жаңбырға төккен шағынып.
Сен мені түсін болмысы бөлек пендемін,
Даланың ғана заңына жүрер бағынып.

Ай жарығы жол көрсетіп алдымнан,
Сымдай түзу тура нұрмен тартылған.
Дәл осылай жаңылдырмай өткізші,
Тағдыр дейтін тар жол, тайғақ талқымнан.

Екеумізде үнсіз ұғар ортақ үн,
Жасанды ойдан жасамаймыз жорта мұң.
Ережесін бұзар едім ойынның,
Тәңір дейтін төрешіден қорқамын.

Сағынышың — маған тартқан сый-табақ

Қос тұнығым жұтып жатыр тамшысын,
Жон арқадан тартып өмір қамшысын.
Қақ ортадан бөліп алып кеткендей,
Жүрегімнің әлдебіреу жартысын.

Сен жанымда болмаған соң күйініп,
Қызғаныштың шарпып өткен күйін ұқ.
Менің алтын асығымды қай сұлу,
Саусағымен ойнайды екен шиырып….

Жоққа енді жете алмасым шын екен,
Білген сайын жігерімді құм етем.
Мені ғана аялайтын алақан,
Қай арудың аш белінде жүр екен…

Сауығың көп, салтанаты серінің,
Сезем, болып жүргендігін серігің.
Күнге қимай көлегейлеп сүюші ем,
Кімді аймалап сүйеді екен ерінің….

Сағынышың – маған тартқан сый-табақ,
Турап жатыр төзімімді қиқалап.
Жел көтерсе жаным шығып кетуші еді,
Кім шашыңды отыр екен сипалап…

Босағаңның бұзылмаған шырқы үшін,
Аттамадым ақ сезімнің үрдісін.
Тербелетін тәтті үнімнен әз кеудең,
Кімнің тыңдап жатыр екен күлкісін…

Алдамшыға арбалады текке есің,
Тәңір өзі айтсын үкім, ақ кесім:
Дүниенің бар сұлуын жисаң да,
Менің қамқор бір үніме жетпесін!!!

Emily feistritzer, the https://assignment-helpers.com/ president of the national center for education information, a private research organization based in washington.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support