- Advertisement -

Тағайындау

78

- Advertisement -

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің
2016 жылғы
18 қаңтардағы
№10 Бұйрығымен
Исақов
Болат Әлмұханұлы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігі
Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Исақов Болат Әлмұханұлы 1968 жылы туылған, білімі жоғары, 1991 жылы С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін математик, 1999 жылы «Әділет» жоғары құқық мектебін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы «Тараз» өңірлік сыртқы экономикалық тауар өндірушілер ассоциациясының инженері болып бастаған.
1993-1995 жылдары бизнес құрылымдарында, 1995-2000 жылдары Жамбыл облыстық құқықтық ақпарат орталығының бас маманы болып істеген.
2000-2010 жылдары аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2010-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет еткен.
2013-2014 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы-Тәртіптік кеңестің төрағасы қызметін атқарды.
2014 жылдың қараша айынан бастап 2016 жылдың қаңтары аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңестің төрағасы қызметін атқарып келді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support