- Advertisement -

Асыл ана

121

- Advertisement -

Алғы күнге асыққанда арманым,
Жүрегімнен орын алдың, жан ана.
Жарқын атпай жасытқанда таңдарым,
Өзің едің қуат берген балаңа.

Үкілеген үмітімді үрлеумен,
Толқын-арман бесігінде тербеттің.
Білесің ғой, өлмес өлең, жыр-кеудем,
Қайтем енді, мен солай боп бойжеттім.

Қызым дедің, қызың үшін қаншама,
Түстің отқа, бірақ күйдім демедің.
Күнім дедің, күнің үшін жан сала,
Таптың әркез уақытында керегін.

Асыл ана, шаттығымды аңсаған,
Тірлігімде жаутаңдатпай ешкімге…
Парызың ғой дей алмаймын мен саған,
Қарызым ғой өтей алмас бес күнде.

…Білем, білем, барлық ана осындай,
Тағдырының тамырлары тереңде.
Сірә, олар көктен түскен тосын жай,
Содан болар сыйдыра алман өлеңге.

Балнұр Дәурен,
Қ.Сағындықов атындағы
орта мектептің оқушысы.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support