- Advertisement -

«Нұр Отан» саяси партиясы «Жас Отан» жастар қанатының мәлемдемесі

82

- Advertisement -

«Нұр Отан» саяси партиясының «Жас Отан» жастар қанаты Парламент депутаттарының Мәжілісті тарату және Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастамасына қолдау білдіреді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жастар – ел болашағы» деген сөзін біз әрдайым жадымызда тұтып, тәуелсіз Қазақстанның даму жолындағы қадамдары қарышты болуына өз үлесімізді қосып келеміз. Біз, Елбасы сенім артқандай, білімді, білікті, отаншыл азаматтар болу үшін аянбаймыз.
Еліміз біздің азат елдің арқалы азаматтарына айналуымызға бар қамқорлықты жасап отыр. Заманауи білім ордалары мен денсаулық сақтау нысандары салынып, олар соңғы үлгідегі жабдықтармен жарақтандырылуда. Жастардың әлемнің әр қиырындағы ең үздік оқу орындарында алаңсыз білім алуына толық мүмкіндік жасалған. Біз ертеңімізге сеніммен қараймыз.
Әлемдік экономикадағы қиындықтарға алдын ала лайықты жауап берген Қазақстан бұл кедергілерден тың қуатпен, жаңарған ел ретінде шығарына сенімдіміз.
Жаһандық дағдарыстың жаңа толқынын абыроймен еңсеру үшін Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы саясатын және мемлекетімізді жаңғыртуға серпін беретін 5 институттық реформаны іске асырудың «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындауға жаңадан сайланған Парламент сүбелі үлес қосады деп санаймыз.
Біз, «Жас Отан» жастар қанаты, еліміздегі ең ірі жастар ұйымы ретінде барша қазақстандық замандастарымызды маңызды бастамаға үлес қосуға шақырамыз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support