- Advertisement -

Samsung «ақылды белдікті» жұрт назарына ұсынды

78

- Advertisement -

Samsung компаниясы жаңа «ақылды белдік» атты гаджет ұсынып отыр. Бұл құрылғы бұрынғы туындылардан ерекше. Шалбарға тағылатын белдік шынымен-ақ «ақылды».

Бір қызығы, бұл белдік иесінің белінің неше сантиметр екендігін өлшеп, ол жүрген кезде қадамдары мен сол жүруге кеткен уақытты есептеп тіркейді. Сондай-ақ бұл белдікті таққан адам қанша уақытты қимыл-қозғалыссыз өткізгенін де біле алады. Мұнымен қоса, гаджет адамның қанша тамақ жегенін де қадағалайды.
Белдікке түскен барлық ақпарат смартфондағы арнайы қосымша арқылы онымен сәйкестендірілу арқылы оқылады. Мамандардың айтуынша, бұл белдік – саламатты өмір салтын ұстанушылар мен денсаулығын күтіп қарайтын жандар үшін таптырмайтын гаджет.

jas.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support