- Advertisement -

Цукерберг жасанды интеллект құрмақшы

72

- Advertisement -

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг 2016 жылы үйде, жұмыста көмектесетін жасанды интеллект құруды жоспарлады.

«2016 жылы мен алдыма қарапайым жасанды интеллект құру мақсатын қойдым, ол үй іші істерін басқарып, маған жұмыста көмектесер еді. Мысалға, «Темір адамдағы» Джарвис тәрізді» деп жазады Цукерберг әлеуметтік желідегі өз парақшасында.
Цукерберг жасанды интеллектіні құруды бүгінгі күні бұл саладағы технология қандай жетістікке жеткенін зерделеуден бастауды жоспарлауда.
«Бұдан кейін біздің үйдегі барлық нәрсені: музыканы, жарықты, температураны және басқаларын – басқаруы үшін мен оны даусымды түсінуге, достарым есікке қоңырау шалғанда, олардың бет-әлпетін тануға үйретемін» деп жазды Цукерберг.
Сондай-ақ жасанды интеллект оған сервистер және жаңа жобалар жасауға көмектесуі тиіс.

jas.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support