- Advertisement -

Әлемді бізден жаратқан…

122

- Advertisement -

Назира БЕРДАЛЫ.

Күн батты.
Ақшам уақыты.
Кеудемді күй кернесін кеп!
Күй тыңдап, мен жылап тұрмын
«Әрқашан Күн сөнбесін…» деп.
Күннен Сен жақынсың, Раббым!
Күнді де жарық қылған – Сен!
Бәлкім, Сен ақынсың, Раббым?
Жерді де ғаріп қылған – Сен.
Мәңгілік Күнді айналдырып,
Кете алмас ғашық еткен – Сен,
Біздерге, төзе алмас ек-ау,
Осындай қасірет берсең!..
Жер беті – ғаламат майдан,
Сен ғана сақтаған жанын,
Майданға аттанған(дар)дың.
Жер беті – мұң менен кайғың
Қайғымды азайтшы, Раббым!
Түннен соң таңыңды атыр,
Күніңмен жылыта бер де,
Бір саған тәуелді пақыр
Пендеңді ұмыта көрме!
Бұл әлем шектелмес Жермен,
Жердегі ғұмыр бір – фәни…
Шын әлем – Сен сыйған кеудем,
Шын әлем – Сен сүйген нәби!
Күн батты.
Ақшам уақыты.
Жас болып тамдым сағаттан…
Шын әлем – екеуміз, ЖАНЫМ!
Әлемді БІЗден жаратқан…

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support