- Advertisement -

Бәрінен де сен сұлу, сен сұлу…

164

- Advertisement -

Халқымыз қашанда ұлын – нарға, қызын арға балап, ізеттілігін келіннен тауып, көңілінің дархандығын кең даласымен өлшеген. «Қызың өссе – өрісің» деп, қызға ерекше құрмет көрсеткен. Бүгінгі қоғамда халқымыздың қыз бала тәрбиесіндегі қалыптасқан дәстүрін насихаттау басты назарда тұруы қажет. Еліміздің әр аймағында өткізілетін «Қыз сыны», «Қазақ аруы» секілді байқаулар алдымен осындай тәрбиелік мәні зор дәстүрлерімізді дәріптеуге арналуы тиіс.
Жылдағы дәстүр бойынша биыл М. Х. Дулати атындағы ТарМУ-да «ТарМУ аруы – 2015» байқауы өтті. Университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Сарыбеков сұлулық сынға түскен сайысты ашып, сәнқой аруларымызға сәттілік тіледі.
Алғашқы кезең бойынша көріктілеріміз «Red Style» коктейль көйлектер үлгісінде киініп, қазылар алқасы қатысушылардың аяқ алысы мен жүріс-тұрысын бағалады. Келесі кезеңде бойжеткендеріміз өз өнерлерімен жиылған жұртты тамсандырды. Соңғы кезеңде сан түрлі кешкі сән көйлектерін киіп шыққан арулардан айнала әп-сәтте құлпыра түсті.
«Әдемілік бізге көптік етпейтінін» тағы бір дәлелдеген «алма мойын, қиғаш қас» қарлығаштарымыздың арасынан таңдау жасау қазылар алқасына оңайға түскен жоқ. Нәтижесінде «Экономика және бизнес» факультетінің студенті Алима Делебаева «ТарМУ аруы – 2015» атанды. Оған 100 мың теңгенің сертификаты табысталды. Ал 75 мың теңге көлемінде сыйақы иеленген Адель Рсанова «Бірінші вице-мисс-2015», Сабина Абдумуталипова «Екінші вице-мисс-2015» атағын жеңіп алды. «Сымбатты ару», «Сүйкімді ару», «Өзгешелік аруы», «Кербез ару», «Көрермендер көзайымы» аталымдары бойынша жеңімпаз атанған қыздарға 50 мың теңгеден табыс етілді.
«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support