- Advertisement -

Сақина тағу сән бе?

125

- Advertisement -

Ертеде халқымыз ас адал болуы үшін әйелдің қолында міндетті түрде сақина немесе жүзік болуы керек деп санаған. Қазақ арасындағы «Сақинаны сәнге салмайды, ол – тазалыққа таразы», «Сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас» дегендей тіркесті ұғымдар сақинаның тек сәндік қана емес, гигиеналық қызмет те атқаратынын дәлелдейді. Мұның өзі халықтың сақина соғылатын күміс не алтынның таттануға ұшырамайтынын, судың, тамақтың тез бұзылмауына септігін тигізіп, денсаулыққа жағымды әсер ететінін ертеден-ақ аңғартып байқағанын көрсетсе керек. Күні бүгінге дейін ауылдық жерлерде жас келіншек нәрестесін шомылдырар алдында оған сол үйдің үлкендері (енесі не абысыны) «Қолыңа сақина салып ал, тазалыққа тән болады» деп ескертіп отырады. Олай болса, нәрестені қырқынан шығарғанда оны шомылдыратын суға алтын не күміс сақина немесе білезік салу дәстүрі оларды соған қатыстырып отырған әйелдерге сыйлық ретінде үлестіру үшін ғана емес, осында асыл бұйымдарды қасиетті санаудан, тазалыққа мән беруден де шыққан.
Өз кезегінде сақина салмақтың медициналық тұрғыдағы пайдалары жетерлік. Мәселен, саусаққа тағылған сақина – бүйрек, бауыр, өт, жүрек, жүйкеге тікелей байланысты жүйке нүктелерін дөп басып, бүкіл қан-тамыр жүйелеріне оң әсер етеді екен. Керісінше, сақинаны ұдайы кіші саусағына тағып жүрген адам, ол артериосклероз және гипертония кеселдеріне ұшырайды. Осы орайда өзінің ғылыми көп зерттеулерінің нәтижесінен тоқтамды қорытындыға келген М.И.Анисимовтың тұжырымдарын айтуға болады. Тіпті, ол аз десеңіз, бүгінгі медицина (оның ішінде Шығыс медицинасы) сақинаның бәрін де түнде шешіп жатуды һәм оны жылына 1 (бір) ай кәдімгідей тақпай жүруді қуаттайды немесе ақыл-кеңес ретінде ұсынады да.
Негізі, сақина салмаққа ислам діні де қарсылық білдірмейді. Тек оны әлдекімнің назарын аудартып, ойын бөлу үшін тағылса, ол харам саналады. Сақинаны, әсіресе, әйелдер тақса мақұл. Өйткені, әйел адам жаратылысынан-ақ әсемдікке, әдемілікке жаны құмар ғой. Сондықтан, әйелдерге сақина тағу қашанда жарасып тұрады. Ал еркектердің сақина тағуына келсек, олар алтыннан соғылған сақинаны мүлде тақпауы тиіс. Былайша айтқанда, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзі ер адамдардың алтыннан сақина тағуына тыйым салады. Сондықтан, сақина салмаққа һәм оны тақпаққа қатысты шариғат үкімдерін де біле жүргеніміз жөн.
Қорытындылай келгенімізде, айтарымыз – сақина салмақта, оны тақпақта өзіндік сыры мол дүниелер жатыр, сол себепті де әйелдер үшін мейлінше сауабы мол болмақ. Тек олар өзіне қажетті сақинаны таңдай біліп, орнымен қолданса болғаны!..

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support