Тәуелсіздік пен теңдік, азаттық пен елдік қай халық үшін де асыл ұғымдар болып саналады — Елбасы

47

20151215160139Тарихтың ұзынсонар жолында азаттық деп аласұрған, еркіндік деп екпіндеген халқымыздың мұраты бүгінгі біздің ұрпақтың еншісіне тиді. Бұл туралы бүгін еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Тағылымы мол тарихымыздағы сонау сақ дәуірінен түркі бабалар мирасы күні кеше 550 жылдығын ел болып тойлаған Қазақ хандығы мен бүкіл әлем болып 70 жылдығын атап өткен екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіске жетуде ұлтымыздың ұлы күрестері көз алдымызға келеді. Бұл — біздің өткеніміз, бұл — біздің тағдырымыз. Осы бір тарихтың ұзынсонар жолында азаттық деп аласұрған, еркіндік деп екпіндеген халқымыздың мұраты бүгінгі біздің ұрпақтың еншісіне тиіпті. Олай болса бұл күн ұрпақтардың ұлы арманы орындалған ордалы той,  мерейлі де мәртебелі мереке», — деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы бұлқынған елін егемендік пен еркіндікке қарулы қолмен емес, бейбіт жолмен алып келген әйгілі Махатма Гандидің: «Аман-саулық адамның нағыз бақыты болса, тәуелсіздік — халықтың жалғыз бақыты» деген сөзін мысалға келтірді.

«Расында да, Тәуелсіздік пен теңдік, азаттық пен елдік қай халық үшін де дәмі балдай, мәртебесі таудай асыл ұғымдар болып саналады», — деді Елбасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.

микро займ на карту