- Advertisement -

Халық Көңіліндегі күдікті сейілтті

97

- Advertisement -

Үртай Сапақова,
облыстық тарихи-өлкетану
мұражайының директоры.

Елбасымыздың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар және даму» атты жаңа Жолдауы көңілімізден шықты. Бұрынғы бастамалар мен идеяларды одан әрі дамытудағы жоспарымызды айқындай түсті. Бірнеше саладағы жаңашылдықты қамтыды. Қарапайым еңбек адамдарының көңіліне қуаныш, серпін берді. Жастардың білімді болуы, ауылдарды тапшы мамандармен қамту, ол үшін кәсіптік арнаулы оқу орындарына көбірек көңіл бөлу мәселесіне тоқталды. Қазіргі таңда ауылдарда кәсіпкер азаматтар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ашып, шаруа қожалықтар құрып, нәтижелі жұмыс атқара бастады. Сол шаруашылықтарға қажетті ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау кезек күттірмейтіні белгілі. Мемлекет басшысы осы мәселеге ерекше тоқталып, жастарға үлкен сенім білдірді, оларды білімді, еңбекшіл болуға шақырды.
Елбасы «Жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделген жоспар» деген әдемі сөзді айтты. Бұл – баршамызға ой салатын ұлағат. Осы орайда Мемлекет басшысының бастамасымен белгіленген жоспарларымыздың берік, баянды екеніне тағы бір көзіміз жетіп, көңіліміз сенді.
Біздің елдің негізгі мақсаты – Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру, сол жолда табанды еңбек ету, өрлеуге ұмтылу. Сондықтан мақсатымыздың орындалуы жолында көп шаруаны ортақ шешіп, өркендеудің ең биік сатысынан көрінуге белімізді бекем бууымыз қажет. Президент «Мақсатымызға жету үшін бізде барлығы да бар» деді. Еліне елжіреп тұрып жүрекжарды сөзін арнады, халықты ынтымақ пен бірлікке, берекелі тірлікке шақырды. Жаһанда болып жатқан дағдарысты да Мемлекет басшысы Жолдауда қамтып, тығырықтан қиналмай өту жолдарын жан-жақты қозғады. Халқымыздың басынан мұнан да қиын күндер өткенін, бұл қиындықтар өтпелі екенін, Тәуелсіз мемлекетіміз мәңгі қалатынын тебіреніп тұрып айтты.
Бұл Жолдау көпшіліктің көңілдеріндегі күдік тұманын сейілтті деп білемін. Сондықтан, Мемлекет басшысының бастамаларын қолдау – басты міндетіміз.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support