- Advertisement -

Тараздық жүргізуші жантүршігерлік апаттан аман қалды

96

- Advertisement -

лдТараз тұрғыны көлігімен қаланың орталық көшесімен қатты жылдамдықпен жүйткіген бойда, жол жиегіндегі бірнеше көлікті соққан. Құдай сақтағанда ажал құшқандары жоқ деп хабарлайды КТК арнасы. 

Ал оқиғаға себепкер болған азамат жеңіл жарақат алыпты.

Көлік бірден өртеніп кетті. Жақын маңдағы түнгі клубтан шыққан бір топ жігіт жүргізушіні салоннан әзер шығарған. Ал лапылдап жанған машинаны мамандар келіп сөндірді.

Көліктердің бірінің үстіне бірі шығып кетуіне қарағанда соққы жойқын болса керек. Апатқа кінәлі азаматтың ішімдік ішпегені анықталды. Болжам бойынша, ол көлігінің дөңгелегі жарылып, рөлге ие бола алмай қалған.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support