- Advertisement -

Армрестлинг аруларға лайық па?

100

- Advertisement -

IMG-20151106-WA0000Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Аида құлматова «спортпен шұғылдану сын-сымбатыңды бұзбайды» дейді

Ауыр атлетика, бокс, күрес, армрестлингке нәзіктік тән бе?! Спорттың бұл түрлері ерекше физикалық дене күшін және психологиялық төзімділікті талап ететін болғандықтан ата-аналар қыздарының осы бағытты таңдағанын қаламайды. Бірақ, қиындықтан қашпай тәуекелге бел буған бойжеткендердің көзқарасы басқа. Солардың бірі – армрестлингтен 2015 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Аида Құлматова. Ол спортпен шұғылдану сын-сымбатыңды бұзбайды дейді.

Жалпы, оның спортқа келуі де кездейсоқ. Жоғары сыныпта оқып жүрген кезінде мектепте қолкүресінен жарыс өтеді. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі бұл додаға Аиданы қатыстырады. Ол білек күші мен айла-ақылды қажет ететін жарыста қатарластарынан озық шығады. Аиданың талабын таныған ұстазы осыдан кейін оны Тараз қаласындағы №2 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне жетелеп апарыпты.
«Әкем – экономика, анам денсаулық сақтау саласында еңбек етеді. Спортқа деген қызығушылығымның кеш оянғаны содан болса керек. Спорт мектебінде қол күресінің қыр-сырын үйреніп, кәсіби түрде спортпен шұғылдана бастадым. Армрестлингтен әлемдік аренада танылған Дмитрий Трубин, Татьяна Верина сынды спортшылармен қатар жаттығып, техникалық шеберлігімді арттырдым. Алғаш қалалық, облыстық жарыстарға қатыстым. Мамед Жусуповтың қол астында жаттығып, бір жылдың ішінде республикалық чемпионатта топ жарып, көзге түстім. Содан кейін ғана халықаралық аренада бағымды сынап көрдім. 2014 жылы Азия біріншілігінде чемпион атандым. Биылғы жетістігім – әлемдік додадағы күміс жүлдем», – дейді армрестлингші Аида.
Қазір Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында білім алып жүрген тараздық спортшы қыздың арманы асқақ. Жас жеткіншектерге үлгі боларлықтай жетістікке жетіп, әлем чемпионы атанғысы келеді. «Жастарға, әсіресе, қыздарға спорттың осы түрі бойынша әлемдік аренада топ жаруға мүмкіндік мол. Әрі жер көріп, ел таниды. Тіл үйренеді. Басқа ұлттардың дәстүрін көріп, мәдениетімен танысады», – дейді ол.
Қол күресінен халықаралық аренада аты мәлім болғанымен, Аида спорт шебері деген атақты әлі алмапты. Ол армрестлингпен айналысудың өзіндік қиындықтары да бар екенін айтады. Соның бірі – қол күресінің көбірек насихат­талмайтындығы дейді. Жас спортшы олимпиадалық спорт түрі болмағандықтан, халық­аралық додаларда топ жарған армрестлингшілердің жетістіктері көп жағдайда ескеріле бермейтініне қынжылады.

Ардақ Үсейінова,
«Ақ жол».

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support