- Advertisement -

Балалы әйел бақыты

115

- Advertisement -

Британдық ғалымдар балалары бар әйелдердің баласы жоқтарға қарағанда 20 пайыз ұзақ өмір сүретінін анықтады. Зерттеушілер бірнеше жүздеген мың әйелдің қатысуымен зерттеу жүргізді. Мониторингті Лондонның Императорлық колледжі жасаған.
Зерттеу процесінде мониторингтің алғашқы 13 жылында 14 383 әйел қайтыс болған. Ауру салдарынан 2400 адам, обырдан 6 мыңға жуық адам көз жұмды. Екі немесе үш баланың дүниеге келуі обыр ауруына шалдығу қаупін төмендетеді. 20 жастағы қыздардың балалы болуы олардың денсаулығына оң әсерін тигізеді.
Баланы емізетін әйелдердің жасанды сүт қоспаларын пайдаланатын аналарға қарағанда өлім қаупі 8 пайызға төмен. Бұған дейін ғалымдар бала емізудің омырау обырына шалдығу қаупін төмендететінін дәлелдеген болатын.
Ғалымдар бала туған әйелдердің бойындағы гормоналдық өзгерістер олардың ұзақ жасауына әкелгенін шамалап отыр. Аналардың денсаулығы жақсарып, қатерлі ісіктердің пайда болу қаупі төмендейді. Зерттеу қорытындысының мұндай болатыны күтілмеген еді, себебі кішкентай баланың дүниеге келуі кезінде аналардың бойында үлкен күйзеліс пен қорқыныш сезімі пайда болады, деп жазады шетелдік БАҚ.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support