- Advertisement -

Жарылқасын Нұралиев – өңір коммунистерінің жаңа жетекшісі

128

- Advertisement -

Қазақстан коммунистік халық партиясы облыстық комитетінің кезектен тыс Пленумында аталған партияның бірінші хатшысы болып «Тараз Times» газетінің редакторы, белгілі журналист Жарылқасын Нұралиев тағайындалды.
Жамбылдық коммунистердің жаңа көшбасшысы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ді тәмамдаған. Алғашқы еңбек жолын локомотив депосында темір ұстасы болып бастаған, «Қаратау» радиожелісінің редакторы болған. 1987-1998 жылдар аралығында облыстық «Знамя труда» газетінде меншікті тілші, одан ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Одан кейін «Щит», «Южный экспресс» газеттерінің редакторы, «Заң» газетінің Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша меншікті тілшісі болған. Ал 2006 жылдан бастап «Медиа-Юг» жарнама-ақпараттық агенттігі» ЖШС-нің директоры және «Тараз Times» газетінің құрылтайшысы және Бас редакторы.
2001-2004 жылдары Қазақстан Журналистер одағының Жамбыл облысы бойынша филиалының төрағасы, 2002-2004 жылдары Қазақстан Журналистер конгресі атқарушы комитетінің мүшесі. 1996 жылы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанған.
— Қазақстан коммунистері Парламентте өткен соңғы сайлау мен жергілікті мәслихаттарды таңдау барысында белсенділік танытып, өздерінің қоғамдағы айшықты рөлін көрсете білді. Өйткені, партияның негізгі идеологиясы кең ауқымды, жалпыадамзаттық құндылықтар – әділдік, еркіндік, халықтық басқару, еңбек құқығы, жалпыұлттық қоғам құруға бағытталған. Бүгінгі білімді және жетістікке ұмтылған жастар осы көзқарастарды құптайды. Сондықтан, қоғамдағы коммунистер жайлы қалыптасқан қасаң қағиданы бұзу керек. Заманауи коммунист – өмірлік және азаматтық көзқарасы қалыптасқан, жауапкершілік сезімі дамыған, әділдікке ұмтылатын белсенді азаматтар, — деді өз сөзінде Жарылқасын Нұралиев.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support