- Advertisement -

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергілер мейлінше жойылады — Парламент

81

- Advertisement -

20141009160849Бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда талқыланып, қабылданды. Енді Парламент қабылдаған Заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Аталған құжат ҚР Президентінің «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қою туралы» Жарлығын іске асыруға бағытталады. Осыған байланысты заңнамада мүгедектерге Конституцияда, Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда бекітілген азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және басқа да құқықтар мен бостандықтарды іске асыруды қамтамасыз етеді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың басқа да азаматтармен тең мүмкіндіктері қамтылады.

Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бойынша бірнеше бағыттарды қамтиды. Оның ішінде көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік сала қызметтерін жақсарту, ақпарат пен тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру, сонымен бірге құқықтық көмекті жетілдіру қамтамасыз етіледі. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру мақсатында вокзалдар мен әуежайларда кедергісіз орталық құру, теміржол құрамдарын мүгедектер үшін қолжетімді вагондармен жабдықтау қарастырылады. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедектерге берілетін баспана пәтерінің екінші қабаттан жоғары болмауы, басқа баспана берместен үшінші топ мүгедектерін қызметтік тұрғын үйден шығаруға жол бермеу қарастырылып отыр.

Заңды қабылдау мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіріп, оларды оңалту саласындағы қызметтерін көрсетудің тиімділігін арттырады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілігі ескеріле отырып, оларда туындайтын кедергілер мен тосқауылдарды жоюға мүмкіндік береді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support