- Advertisement -

дамуымыздың тұсауы – сыбайластық

84

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы – Ұлт жоспарында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселесі қарастырылған. Мәселен, 13-қадамда жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру деп атап көрсетілген.
Қазақстан халқы бүгінде сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекет дамуының кепілі деген тұжырым жасап отыр. Өйткені ол – қоғамға жат, елдің өркендеуіне кедергі келтіретін аса күшті құбылыс. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» бекітілді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды. Қазақстанның осы маңызды мәселе бойынша қағидаттық ұстанымын білдіретін еліміздің басты стратегиялық құжаты мемлекеттің алдағы жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні баршаға мәлім. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру бағытымен мақсатты және кезең-кезеңмен жүріп келеді.
Сыбайлас жемқорлық – қауіпті әлеуметтік құбылыс. Осы құбылыспен күрестің тарихы тереңде жатыр. ХХ ғасырдың аяғы сыбайлас жемқорлыққа байланысты проблемаға ерекше мән берумен бірге, осы тұрғыдағы құбылыспен күрес жүргізуге арналған сан қырлы ғылыми ізденістердің өсуімен де ерекшеленеді. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық ұғымы азаматтық қоғамда үйреншікті құбылысқа айналса, ал екінші жағынан Қазақстанның қауіпсіздігіне, елдің экономикасының дамуына керағар әсер ететін факторға айналуда.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» дамыту аясында бірқатар іс-шаралар жоспары бекітіліп, ол бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұдан, сыбайлас жемқорлықпен күрес белгілі бір уақытқа арналған науқан емес екендігін көруге болады.

Гүлнұр Асқарова,
Айгүл Құсайынова,
мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім қызметкерлері.

Тараз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support