- Advertisement -

32 168 мемлекеттік білім гранты бөлінді

105

- Advertisement -

115оған алпыс мыңнан астам  талапкер үміт артуда

Кеше ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрiнжiповтің төрағалық етуімен Білім гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті.
«Мемлекет тарапынан бiз 32168 грант бөлемiз. Оның iшiнде техникалық мамандықтарға арналған 12,5 мың грант, педагогикалық мамандықтарға  6 мың грант, ауыл шаруашылық мамандықтарына 2,5 мың грант қарастырылады. Өздерiңiз бiлетiндей, биыл Ұлттық бiрыңғай тестiлеу жоғары деңгейде өткiзiлдi. Нәтижелерi былтырғы жылғымен салыстырғанда жоғары. Сондықтан биыл конкурсқа қатысатындардың саны 67 мыңға жеттi. Олардың iшiнде 78 пайызы – қазақ тiлiнде бiтiрген балалар, 22 пайызы  – орыс тiлiнде бітіргендер. Сол себептi 32168  гранттың iшiнде 78 пайызы қазақ бөлiмдерiне арналған. 22 пайызы орыс тiлi бөлiмдерiне деп қарастырылып отыр», – деп атап өттi министр тiлшiлерге берген сұхбатында.
Гранттарды үлестіру барысында «Алтын белгі» иегерлеріне, халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми сайыстардың, байқаулардың және спорттық жарыстардың жеңімпаздарына басымдық беріледі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support