- Advertisement -

Қазақстандық ғарышкердің ғарышқа сапары 10 тәулікке созылады — Е.Шаймағамбетов

60

- Advertisement -

20150725192857Қазақстандық ғарышкер үстіміздегі жылдың 2 қыркүйегінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан таңғы сағат 10:30-да ғарышқа ұшады. Бұл туралы бүгін Алматыда журналистермен болған кездесуде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетов мәлім етті.

«Біз бұл күнді 2009 жылдан бері күтіп жүрміз. Өкінішке қарай, сол жылы дағдарыстың салдарынан ғарышкерімізді ұшыра алмадық. Енді Қазақстан мен Ресей басшылығының шешімі бойынша қазақстандық ғарышкер биыл қыркүйек айында ғарышқа аттанатын болады», — деді Е.Шаймағамбетов.

Ол сонымен қатар осы ұшу сапары барысында қазақстандық ғалымдардың қатысуымен зерттеулер жүргізу мақсатында, бірқатар ғарыштық тәжірибелер жүргізілетіндігін жеткізді.

«Бұл бірінші бағдарлама емес. Отандық бағдарламалар бойынша күні бүгінге дейін төрт ғарыштық сапары жүзеге асты. Әзірге жоспарланып отырған міндеттер сол бағдарламалардың жалғасы. Жүргізілетін тәжірибелер көп емес. Өйткені, бұл жолы ұшу уақыты ұзақ емес, бары-жоғы 10 тәулік. Қазақстандық ғарышкер «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Астана уақыты бойынша үстіміздегі жылдың 2 қыркүйегінде таңғы сағат 10:30-да ұшады. 12 қыркүйекте шамамен таңғы сағат 7-де қонады деп жоспарланған», — деді Е.Шаймағамбетов.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support