- Advertisement -

Өскеменде оттегі толтырылған арнайы құтылар сатылымға шықты

80

- Advertisement -

Экологиясы нашар өскемендіктер таза ауадан тарықпайтын болды. GOX неміс компаниясының өндіруімен оттегі үрленген құтылар дүкен сөрелерінде сатылымға шықты.

 Қазіргі күні қалалы жердегі көршілік оттегінің жетіспеушілігінен зардап шегеді. Аптасына бір рет болсын таза ауаға шығып тұруды жөн санайтын жұрт экологиялық тиімсіз аймақтарда не істеуі тиіс?
«Қалыпты жағдайда ауа құрамындағы оттегі үлесі 20,8%-ды құрауы керек. Алайда аудандардағы тиімсіз экологиялық жағдайдың кесірінен оттегі үлесі организмге 2 есе жеткіліксіз күйде болады. Бұрыңғы уақытта арнайы медициналық ем қабылдау арқылы жол тапқан болса, бүгінгі күні адам жеке өмірі мен уақыттан қол үзіп қалмай-ақ, жаңа тәсіл арқылы оттегіге қаныға алмақ» дейді компания өкілі.
Құты қалтаға салып жүруге ыңғайланған. Күніне 3-тен 5 рет құтыдағы оттегіні жұту таза ауда 1 сағат дем алғанмен теңесетін көрінеді. Қолдану бойынша тұтынушыны қандай да бір әуреге салмайды, арнайы тәсілді қажет етпейді.
GOX бас ауруын қойдыртады, жүйке жүйесі мен бұлшық еттердің физиологиялық жағдайдағы күш-қуатын қалпына келтіреді. Ми қызметінің жұмысын арттырып, шаршағанды қойдырады. Жүрек қызметіне, жүкті әйелдерге пайдалы. Сонымен бірге жабық офисте ұзақты күн қамалып отыратын қызметкерлер үшін таптырмайтын препарат.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support