- Advertisement -

Жамбыл облысында тұрғын өзін полицейлердің 19 жыл бойы құлдықта ұстағанын айтты

75

- Advertisement -

pogudx3mhmp5ma17og.c90570caЖамбыл облысының полицейлері қырғыз елінің азаматын 19 жыл бойы құлдықта ұстаған.

Василий Евдошенконың айтуынша, ол 1996 жылы алты жылдық жазасын түрмеде өтеп шыққаннан кейін құжатсыз қалып, еліне қайта алмай қалған көрінеді. Сол сәтте тәртіп сақшыларының бірі көмектесітінін айтып, үйіне апарып бірнеше жыл бойы тегін жұмыс істеткен.

Мұнан кейін Василидің «қожайыны» оны өзге полицейлерге сыйға тартып жіберіпті. Осылайша Қырғызстан азаматы қолдан-қолға өтіп, 19 жыл бойы полицейлердің үйлерінде тегін жұмыс істеп келген.

Құлға айналған азамат бірнеше рет қашып та көрген екен. Алайда, тәртіп сақшыларының жасағы оны ұстап алып, «қожайындарына» әкеп беріп отырған.

Жәбірленушінің айтуынша, ол үш үйге бір уақытта қатар жұмыс істеген. Сол үйлердің бірінің иесі прокурор болатын дейді Василий Евдошенко.

Бірнеше күн бұрын Евдошенко құлдықтан сәтті қашып шығып, «Сотталғандарды оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігіне барыпты.

Ол жердегілер жәбірленушіге құжаттарын қалыпқа келтіріп беретінін айтып, құлдықта болған азамат туралы заң органдарына хабар берген. Қазір прокуратура мен ішкі істер органдары аталған іс бойынша тексеруді бастап кетті

«Ақ жол-ақпарат»

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support