- Advertisement -

Бөлме салқындатқышы түрлі ауруларды қоздырады

45

- Advertisement -

Бөлмені жазда салқындатып, желдетіп, ал қыста жылытатын бөлме салқындатқышының адам денсаулығына тигізер зияны көп екенін жиі естіп жатамыз. Ал, оның нақты қандай аурулар тудыратынын көпшілігіміз біле бермейтініміз рас. Әсіресе, кондиционер жүйесімен жабдықталған үлкен ғимараттарды желдету жүйелеріндегі микроағзалар осы ғимаратта көп уақытын өткізетін адамдардың өкпе ауруы мен басқа да дертке шалдығуына себеп болады.

Салқындатқыш кеңсе немесе бөлме ішіне құрғақ микроклимат орнатады. Алғашында кондиционердің қызметі қоңыр салқын климат сыйлау емес, ылғалдылықпен күресу болған. Үнемі желдеткіш қосулы тұрған бөлмеде отырсаңыз, мұрныңыз бен тамағыныңыздың құрғап қалатыны содан. Салқын құрғақ ауа тыныс алу органдарының ауруына немесе ангинаның асқынуына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Кондиционер сондай-ақ, бөлмеде көмірқышқыл газын көбейтеді. Қазіргі таңда сплит-жүйелер деп аталатын екі бөліктен тұратын кондиционерлер үлкен сұранысқа ие. Мұндай қондырғының бір бөлігі далада, бір бөлігі бөлмеде орналасады. Олар тоңазытқыш секілді жұмыс істейді. Олар бөлмедегі ауа температурасын лезде төмендеткенде оттегі азайып, көмірқышқыл газы көбейеді екен. Салдарынан ауа жетіспеушілігі ақыл-ой қызметіне тікелей әсер етіп, қан айналу процесін бәсеңдетеді.

Кондиционердің сүзгісін уақытылы ауыстырмасаңыз бөлме ішіне шаң-тозаң таратады.  Жаңа сүзгі орнатқан күннің өзінде ішінде қалып кеткен шаң тозаң ауаға тез тарайды. Аллергиясы бар адамның кондиционердің салқынынан көзі жасаурап, тамағы қышып, мұрны бітеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support