- Advertisement -

Ашылғанына екі-ақ күн болған қарағандылық гей-клуб тұрғындардың қоқан-лоққысынан кейін жабылып қалды

76

- Advertisement -

pogudx2apb63a79f4g.4fcfc43eАшылғанына екі-ақ күн өткен қарағандылық гей-клуб  жергілікті тұрғындардың қоқан-лоқысынан кейін  жабылып қалды.

Ашылмастан бұрын клубтың тұсаукесерінде танымал қазақстандық әнші өнер көрсететіні жарияланған болатын деп жазды “.

Алайда жұлдыздың өнер көрсетуі туралы ақпар жалған болып шықты. Дегенмен бұл қадам клубқа көпшілік назарын аударта алды. Аудартқаны сонша, өнер көрсетеді деген әртіске қатысуы туралы ақпардың жалғандығын айтып, ақталуына тура келген.

Бұл жағдай Ескі әуежайдағы клубтың ашылуына кедергі бола қоймаған. Интернетте бұл жаңалық тез тарап, тұрғындар наразылығын тудырған. Клуб басшылығына ғимаратты жабуын талап етіп, қоқан-лоққы көрсеткендер қарасы көп болған.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, ашулы тұрғындар тіпті клубты өртеп жібермек болған. Ақыры қоғамдағы наразылықтың күшімен клуб жабылып қалды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support