- Advertisement -

«Оқ пен оттан оралғандар»

122

- Advertisement -

Ардагер қаламгер Мүтәліп Ережепбайұлының кітабының
тұсаукесер рәсімі өтті

Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне байланысты жерлесіміз, қаламгер, ҰОС ардагері, майдангер-журналист, ақын Мүтәліп Ережепбайұлының «Оқ пен оттан оралғандар» атты кітабының тұсаукесері өтті. Оған оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Алдымен қонақтарға соғыс ардагері Мүтәліп Ережепбайұлының өмірі туралы ақпарат беріліп, «Оқ пен оттан оралғандар» атты кітабына библиографиялық шолу жасалды.
Кітапхананың тұрақты оқырманы Сәбит Қойшыбайұлы Мүтәліп Ережепбайұлына арналған әсерлі өлеңін оқып берді. Ал ардагер атамыз соғыс жылдарында көрген қиындықтары және «Оқ пен оттан оралғандар» кітабы туралы кеңінен әңгімеледі. Бұдан соң кітаптың тұсауы салтанатты түрде кесіліп, оқырмандарға жол тартты.
Тағылымға толы іс-шараны кітапхана директорының орынбасары Жанат Дүкембайқызы қорытындылап, атамызға сый-құрмет көрсетті.

Жанғазы Ахмет,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support