- Advertisement -

Dan Balan келмейтін болды

81

- Advertisement -

Билет алып қойғандар оны қайтарып беруге ерікті

Тараз қаласының көшелерінде молдавандық әнші Dan Balan және отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Тараз – ғасырлар куәсі» атты концерт мамырдың 23 күні өтеді деп жарнамаланғанына екі аптадан асты. Орталық стадионда өтетін концертте техникалық ақаулар пайда болып, концерттің продюсері баспасөз орталығында тілшілерге мәселенің мәнісін түсіндіріп берді.
— Әуелі Тараз қаласының тұрғындарынан және қонақтарынан кешірім сұрағым келеді. Біз Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырып, Тараз қаласының орталық стадионында «Тараз – ғасырлар куәсі» атты концерт ұйымдастырмақшы едік. Хэд лайнер Dan Balan бұл концертке қатыса алмайтын болды. Қатысқысы келмегендіктен емес, техникалық ақауларға байланысты. Жарнамада көрсетілген өзге отандық эстрада жұлдыздары түгелдей ән шырқайды. Орталық стадионның сыйымдылығы тоғыз мың орын болса, осы уақытқа дейін төрт мыңнан астам билет сатылды. Билетті қайтарып өткізем дейтіндер болса, еріктері өздерінде. Мамырдың 23 күнгі концертке «Rin’Go», «Формат», «Ayumi» топтары, әншілерден Әли Оқапов, Луина, Қайрат Нұртас қатысады. Концерт үш жарым сағатқа созылады деп күтілуде. Қайталап айтамын, билетті қайтарып бергісі келгендер алған кассасына келсін, – деді концерттің продюсері Алмаз Сейдахметов.

Қанат Тілепберген,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support