- Advertisement -

Кеңес Одағының батыры Сәду Шәкіровке ескерткіш орнатылды

94

- Advertisement -

Аудан әкімі Бақытжан Нұркенов және аудан ақсақалдары бастаған көпшілік алдымен Шу қаласындағы «Жеңіс» саябағының қақ ортасында қасқайып тұрған Кеңес Одағының Батыры Саттар Естемесовтің ескерткішіне, содан соң қала вокзалы маңындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері құрметіне қойылған ескерткішке сап түзеп, салтанатпен гүл шоқтарын қойып, жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Жеңісті жақындатқан жауынгер жерлестеріміздің бірі – Сәду Шәкіровтің ерлігі шулықтарға жақсы таныс. Ол соғыстан кейінгі еңбек жолын Шу ауданында жалғаған. Бүгінде аудан орталығында бір мектеп пен бір көше батырдың есімімен аталады. Мереке күні Шу қаласындағы «Батыс» ықшам ауданында батырдың құрметіне еңселі ескерткіш бой көтерді. Ескерткіштің ашылу салтанатына Сәду Шәкіровтің ұрпақтары да қатысты. Алмашай Сәдуқызы жерлестеріне алғысын жеткізсе, ақын Бақыт Исаева жүрекжарды өлеңін оқыды.
Айтулы күннің айшықты жаңалығының бірі көпшілік асыға күткен мемориалдық кешеннің ашылу сәті болды.
Жеңіс күні құрметіне атшабар алаңында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен тай, құнан, аламан бәйгелері өтті. Қордай, Т.Рысқұлов, Меркі аудандарынан келген шабандоздар да бар. Бас-аяғы 60-қа жуық сәйгүліктің бабы сыналған бәйгенің жалпы жүлде қоры аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен 570 мың теңгені құрады. Көпшіліктің делебесін қоздырып, ат қосып, қиқуға басқан аламанда қордайлықтар олжалы қайтты.

Қарлығаш Есбергенова,
«Ақ жол».

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support