- Advertisement -

Мемориал тақта ашылды

73

- Advertisement -

Жыл сайын қатары азайып бара жатқан ардагерлерімізге қандай құрмет көрсетілсе де жарасады. Осы орайда Абай ауылының тумасы, зейнеткер М. Ноқрабековтің бастамасымен соғыстан аман-есен еліне оралып, талай жыл еңбек етіп, қайтыс болған жауынгерлерге арналған ескерткіш орнату қолға алынған болатын. Жеңіс күні аталған ауылдың орталығында 105 жауынгердің есімдері жазылған мемориал тақта ашылды. Ашылу салтанатына ауа райының қолайсыздығына қарамастан барша ауыл тұрғындары жиналды. Абай ауылдық округінің әкімі С. Иманбаев «Ұлы Отан соғысына сол кездегі Абай колхозынан 272 адам аттанып, оның 167-сі қан майданда ерлікпен қаза тапқанын, 105-сі ғана Отанына оралып, колхозда еңбек етіп, қартайғанша халқына қызмет жасаған. Ауылдағы соңғы ардагер осы жылы бақилық болды», деп сөз бастады. М. Ноқрабеков жиналған қауымды Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, көк аспан астында тыныш өмір сүріп жатқанымыз өте қиын жолмен келгенін келер ұрпақ ұмытпау керектігін айтты. Ауыл ақсақалдары алқасының төрағасы Ы.Секербеков бұл алаңнан еңкейген қарт пен жүгірген бала да көзіне жас алмай өтпейтінін айтты. Ауыл ақсақалы К. Бошанов, Абай ауылының тумасы полиция полковнигі Ө. Смаилов осы жобаны бастаушыларға үлкен алғыстарын жеткізді.
Мемориал тақтаның ашылу салтанатынан кейін, құран оқытылып ас берілді.
Дәл осы күні Абай орта мектебінде «Жауынгерлік және еңбек даңқы» залы ашылды.

Азиза Хайбар.

Т. Рысқұлов ауданы. 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support