- Advertisement -

Ел жадында

57

- Advertisement -

Ұлы Жеңіске 70 жыл толуын облыстық «Мейірім» саңырау және нашар еститін балаларға арналған арнайы түзету мектеп-интернатының жеткіншектері де атап өтті. Отан үшін опат болғандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жариялануымен басталған мерекелік шарада Ауған соғысының ардагерлері Жолдас Сейджанов, Үсен Дуренов, Боходур Исмаил-Акунов, Жахангер Орынбаев, Нұрбахыт Сенбиев айтулы күннің мән-маңызын, елдің, соғыста қаза болған ерлердің ерліктері мәңгі жадымызда сақталатынын айтып, ізгі тілектерін жеткізді.
Елімізде сұрапыл соғыс қасіреті орағыта өткен бірде-бір отбасы жоқ десе де болады. Мектеп-интернат оқушылары мұны өздері қойған әдеби-сазды композицияда шынайы бейнелеп, «Кестелі орамал», «Әлия», «Катюша», «Тырналар», «Жойылсын соғыс!», «Бақытты мамыр», «Соғыссыз әлем» секілді патриоттық әндерді нәшіне келтіре орындап берді. Іс-шара соңында мектеп-интернат директоры Азат Назаралиева тағылымды әңгімелері үшін Ауған соғысы ардагерлеріне ризашылығын білдірсе, оқушылар гүл шоқтары мен кәдесыйларын ұсынып, ілтипат көрсетті.
Мерекелік шараның өз деңгейінде өтуіне ұйымдастырушы ұстаз Мәншүк Қадырбаева, тәрбиешілер Эльвира Каленова, Гауһар Көбейқұловалар белсене атсалысты.

Баймаханбет ТОҚТАРОВ,
журналист.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support