- Advertisement -

Әзірбайжан мұнайына ауыз салды

48

- Advertisement -

Өткен жылдың есебі бойынша Әзірбайжан мұнайы экспортының жалпы көлемі әлемдік нарықта 35,2 миллион тоннаны құраған. Turan-ның берген мәліметінше, бұл жайында өткен аптаның соңында Бакуде өткен мұнай-газ сауда-тасымал конференциясында Әзірбайжан Мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) маркетинг және экономикалық операциялар басқармасының менеджері Адиль Абышев айтқан.
«Аталған экспорт тауарының 24,5 миллион тоннасы SOCAR үлесіне тиесілі. Осылайша, Әзірбайжан мұнайы экспортының 70 пайызы Мемлекеттік мұнай компаниясына тиесілі болып отыр» – деді ол.
Айта кету керек, сатылған сол мұнай қаржысының тек біршама бөлігі ғана SOCAR-ға үлестіріледі. Өнімді бөлісу бөліміне байланысты, сатылатын мұнайдың көп бөлігі үкіметке тиесілі. Оны сату SOCAR-ға табысталған.
Нақты кезеңде Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры арқылы тасымалданатын шикізаттың 82 пайызы Әзірбайжан мұнайына тиесілі болып тұр, ал Баку-Супсаға –12 пайыз, Баку-Новороссийскіге – 3 пайыз, Баку-Батуми темір жол тасымалдау үлесіне – 3 пайыз тиесілі.
«Әзірбайжан мұнайы әлемнің 30-ға жуық еліне жеткізіледі. Оның тасымалдану ауқымы кеңейе түсуде. Оны Еуропа елдеріне импорттаушы ең үлкен елдер Италия, Франция және Германия болып тұр», – деп атап өтті Абышев. 2014 жылдың қорытындысы бойынша тек Италияның өзі Әзірбайжан мұнайының 23 пайызын экспорттаған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support