- Advertisement -

Ақындардың жүрегі

93

- Advertisement -

Ақындардың жүрегі кең болады,
Таққұмарлық әдетте кем болады.
Ой-өрісі ғаламдық деңгейде әркез,
Пәлсапасы өзіне тең болады.

Ақындардың жүрегі кең болады,
Ғадетінде өрелі іс жөн болады.
Пендешілік ада боп, иман толып,
Парасаты, пайымы тел болады.

Ақындардың жүрегі кең болады,
Көңілшегі біреуге жем болады.
Ұлағатты ұқтырар әйтсе дағы,
Мейірім-шапағаты мол болады.

Ақындардың жүрегі кең болады,
Ынтызарға өлеңі ем болады.
Кісілік келбеті мен кішілігі,
Әр мезет айнымастай тең болады.

Ақындардың жүрегі кең болады,
Шарықтаса шабыты сел болады.
Үстем болып әмісе өзге мүдде,
Өз қажеті өзіне кем болады.

Ақындардың жүрегі кең болады,
Санасына құт мекен ел қонады.
Өзгелерді өзіндей көретұғын,
Ақын деген ақкөңіл ел болады.

Ақын деген өреге кен болады,
Буырқанса бұрқаған жел болады.
Жұдырықтай жүрекке жаһан сыйып,
Ақ пейілі әмісе көл болады.

Айтқұл Мамытқұлұлы.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support