- Advertisement -

Өмірдастан

145

- Advertisement -

М.Мақатаевқа

Шаттығын соғыс жалмаған,
Қам көңіл ұлдың бірі еді.
Әулеттің атын жалғаған,
Дәрмені, дәтке тірегі.

Шалкөде – шұрат өлкеден,
Басталды өмір – дастаны.
Өлең боп жанын өртеген,
Саумал көл, тұнық аспаны.

Ысылып, түлеп бала қаз,
Киесін жердің түсінді.
Қыранын баулып Қарасаз,
Алатау жаққа ұшырды.

Алматы-алып шәрі еді,
Шайырлар құрған салтанат.
Саһилар онда бар еді,
Ел мұңын жүрген арқалап.

Бұрқанған бура мінездім,
Бұлқынтып бұла жүректі.
Малтасын езген мың ездің,
Қоясын аршып жыр етті.

Ай-күні, ару – Майгүлі,
Қиылып түсіп қапыда.
Құлазып қалды айдыны,
Шабандап шабыт аты да.

Еңсесін ауыр мұң басып,
Көз жасын өлең құрғатты.
Фариза қызбен сырласып,
Фариза қызға мұң шақты.

Тағдыры қанша бүрсе де,
Тілінен әсел тамызған.
Ғарасат кешіп жүрсе де,
Ғазалын төкті ғазиз жан.

Жұлыны жырдың жұлынып,
Дариға-жүрек тоқтады.
Жүміле жұрты жұмылып,
Ақберен ұлын жоқтады.

Көз жасы тарам-тарам боп,
Егілді елі ет жақын.
Қайың боп, бірде шайыр боп,
Қалыпқа сыймай өтті ақын!

Ақтолқын Күлекеева.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support