- Advertisement -

Аялдама шеткері аумақтарда да салынады

106

- Advertisement -

Облыстық «Ақ жол» газетінің биылғы жылғы 19 қаңтар күнгі № 11 санында «Айтайын дегенім…» айдарымен жарық көрген «Автобустар бар, аялдамалар жоқ» атты  мақалада айтылған мәселелер «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қаралып, талқыланды.
Аталған мақалаға байланысты мына төмендегі жайды мәлімдейміз. Бүгінде Тараз қаласы бойынша 243 аялдама бар. 2013-2014 жылдары 123 аялдама жаңартылды. Сонымен қатар, биыл Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы мерекеленуі қарсаңында қалада қосымша 45 аялдама жөндеуден өткізіледі деп күтілуде. Оның ішінде жоғарыдағы мақалада аталғандай шеткері аумақтарда да аялдамалар салу қарастырылған.

Қадірбек ДЕМИДБАЕВ,
«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысының орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support