- Advertisement -

Сөз қадірі – өз қадірің

313

- Advertisement -

Жамбыл политехникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Айман Қараулованың ұйымдастыруымен «Сөз қадірі – өз қадірің» атты пікірталас болып өтті. Шараға «Шешендік өнер» үйірмесінің студенттері қатысты. «Сезім» қыздар кеңесінің төрайымы Күләш Оспанова студенттерге сөйлеудің де мәдениеті бар екенін айтты. Пікірталасқа «Мәңгілік Ел» фракциясының мүшелері Анарбек Данияр, Смақұлова Ұлерке мен «Нұр» тобының мүшелері Нартай Досбол, Сейдкәрім Гүлнұр қатысты.
Жалпы адамның көпшілік құрметі мен сеніміне ие болуда, тауып айтар тапқырлықтың рөлі зор. Сөйлеу – үлкен өнер. Халық ауыз әдебиетін, соның ішінде мақал-мәтел­дерді жаттап, сырына үңіле оқу шебер сөйлеуге дағдыландырады. «Ақылды адам сөзді нақылсыз айтпайды» деген содан шыққан.
Сөйлеудегі ең жақсы қасиет – ой-пікірін қысқа әрі дәл айтып жеткізу. Алтын-гауһардың қымбат саналуы – олардың аздығынан. Олардың аздығы тазалығы десек, қысқа, қоспасыз, ұғымды сөз де қадірлі. Қазақтың «Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын», «Сөз қуған бәлеге жолығады» деген мақалдары орынсыз сөйлей салатын адамдарға арналса керек. Сөздің қасиетін құртатын жалған сөйлеу – ол кісілікке жатпайды. Жеткіншек ұрпаққа «Өтірік сөз өрге баспайды», «Өтірік­шінің шын сөзі зая кетеді» деп ақыл айтып үйре­тіп отыру керек. Тегінде шын сөйлеу – әдеп­тіліктің ең негізгі бел­гісі. Пікір­талас барысында сөз мәде­ние­тіне қатысты өрелі ойлар айтылды.

Айнұр Әбиірбек,
ТарМУ-дың студенті.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support