- Advertisement -

Қазақ қызы

57

- Advertisement -

Ата-баба, әдет-ғұрып салты бар,
Қадір тұтар қасиетін халқы бар.
Батырлардың көзмоншағы секілді,
Қазағымның қыздарының даңқы бар.

Көктемдейін көз тартатын көрікті,
Табиғат та бар ғажабын беріпті.
Баян менен Жібектердің жалғасы
Көрген жанның ет жүрегін елітті.

Жел тараса тарқатылар бұрымы,
Инабатты, жанды баурар қылығы,
Қазақ қызы – қайсар әрі тым нәзік,
Адалдықтың шайқалмайтын тұнығы.

Асыл, алтын, бәрі солар, жақұт та,
Өз тезіне сала алмайтын уақыт та.
Қазақ қызы шуақ шашып жүріңдер,
Бар ортаны бастап әркез бақытқа.

Мақұлбек Жанәліұлы,
ішкі істер ардагері.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support