- Advertisement -

Ойлы ұсынысты орындаған жөн

92

- Advertisement -

27Басие Әбдірахманов,
Сарысу ауданының
Құрметті азаматы.

Елбасының Қазақстан халқына үндеуін мұқият оқып шықтым. «Қайта қаһарына мінген әлемдік дағдарыс жағдайында бірлік бізге бұрынғысынан бетер құнды. Мемлекеттің тыныштығы мен елдің бірлігін сақтап, дамыту Президенті бастап, елі қостаған кезде ғана болады. Жауапкершілік бүкіл халыққа да жүктеледі. Осыны ұмытпайық» деп ағынан жарылады Ұлт көшбасшысы.
Өте орынды айтылған сөз. Жалпы Елбасымыз сөзі мен ісі үйлесім тапқан дара тұлға екенін бұрын да сан мәрте дәлелдеген. Халыққа берген уәделерін орындамай қалған жері және жоқ.
Мен Жаңатас қаласында ұзақ жыл комбинатта еңбек еттім. Еліміз Тәуелсіздігін жариялаған сәтінен кейін өндіріс орындарының тарап, мыңдаған кеншілер жұмыстан қысқартылып, далада қалған кездер де өтті. Сонда Президентіміз елді төзімділікке, сабырлылыққа шақырып, мұның барлығының өтпелі кезең екенін айтқаны көз алдымызда.
Шүкір, Елбасының тікелей қамқорлығының арқасында бүгінде Жаңатас қаласы қайта жанданды. Жақында «Сарысу инвест-2015» деген аймақтық жиынға қатысып, Үкіметтің ел дамуына көмек беретініне қуанып қалдым.
Әрине, оның барлығы Елбасымыз елін басқара бергенде ғана мүмкін бола бермек. Сондықтан, 26 сәуірде өтетін кезектен тыс сайлауға президентікке Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың түскенін қалаймыз. Өйткені, елін, жерін одан артық сүйетін, әлемде беделі бар саяси тұлға жоқ екенін халқы біледі.

Жаңатас қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support