- Advertisement -

Техникалық және кәсіптік білім түлектері артуда

46

- Advertisement -

Елімізде 2014 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының жұмысқа орналасқан түлектерінің үлесі 15 пайызға өсіп, 77 пайызға жетті. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Ерлан Сағадиев мәлім етті.
– Білім және ғылым министрлігі ҮИИД-1 бойынша білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі мақсатты индикаторларды жүзеге асыруға қол жеткізілді, нақтылап айтқанда, заманауи жабдықтармен жарақтанған оқу орындарының үлесін ұлғайту жоспары асыра орындалды. Соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының жұмысқа орналасқан түлектерінің үлесі 15 пайызға өсіп, 77 пайызға жетті. Экономиканың әртүрлі секторларындағы басымдықты мамандықтар бойынша 47 кәсіби стандарттар жасау жоспары жүзеге асырылды, – дейді Е.Сағадиев.
Сонымен қатар, ол бүгінде басты міндет өңірлерде кадрлар даярлау сапасын жақсарту екенін атап өтті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support