- Advertisement -

«Қазпошта» АҚ бөлімшелерін жаңғыртуда

84

- Advertisement -

Бүгінге дейін еліміздің жеті қаласында жаңғыр­­тылған қалалық пошта байланысы бөлімшелері­нің пайдалануға берілгені белгілі болып отыр. Олардың қатарында күні кеше ғана үлгі-тіректік құрылым ретінде тұрғындарға есігін айқара ашқан Тараздағы № 19 пошта бөлімшесі де бар.
«Қазпошта» АҚ облыстық филиалының құрамына кіретін 34 қалалық, 10 аудандық, 156 стационарлық және 3 жылжымалы ауылдық байланыс бөлімшелерінде бүгінде 1062 адам қызмет етеді. Сондай-ақ, облыс тұрғындарына қызмет көрсету желісін кеңейту мақсатында 31 коммуналдық, салық және басқа да төлемдер қабылдау пункттері құрылған.
Ал жаңғыртылған қалалық пошта бөлімшесі болса, алдағы уақытта өз аумағына кіретін № 7, 8, 9, 10 және 11 шағын аудандар тұтынушыларына пошталық, қаржылық және агенттік қызметтер көрсетеді. Мұнда штаттық кестеге сәйкес мекеме басшысынан бөлек 4 оператор, халыққа қызмет көрсету орталығының бір операторы және залдағы тұтынушыларға көмекші ретінде тағайындалған бас-аяғы алты-ақ қызметкер бар. Басқа бөлімшелерден артықшылығы сол, мұнда тұрғындардың уақытын үнемдеуге қолайлы бірыңғай электронды кезек жүйесі, пошта жөнелтілімдерін тіркеу бағдарламасы, коммуналдық, салық төлемдерін, постаматқа сәлемдемелер қабылдау, терминалдық-қаржылық, басқа да қызмет түрлері ұсынылады. Алдағы уақытта мерзімдік басылымдарға электронды жазылым жүйесін жүзеге асырмақ. Міне, осындай қыруар іс ықшам топ пен жаңа технологиялар күшімен жүзеге асырылады. Оның үстіне мекеме «POST-24» өзіне-өзі қызмет ету аумағы бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

Баймаханбет АХМЕТ, 

«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support