- Advertisement -

Могул майталмандары

93

- Advertisement -

Юлия Галышева мен Павел Колмаков
алтыннан алқа тақты

Испания жері исі қазақ жұртына болысып тұр. Бұған дейін Словакияда старт алған сындарда жүлдеден тау тұрғызған жерлестеріміз Гранада қаласына ойысқан Универсиаданың жалғасында сол жеңісті жорықтарын жалғастырып жатыр.
Фристайлдың могул түрі бойынша сынға түскен Юлия Галышева сәтті өнер көрсете білді. Қарсыластарына қарағанда өз мүмкіндігін тиімді пайдалана білген қазақ спортшысы алтын медальға қол жеткізді. Галышеваның басты қарсыластары ресейлік Марика Пертахина мен кореялық Си Джи Уон күміс пен қола медальды еншіледі.
Иә, могул майталмандары ел сенімін ақтап келеді. Галышеваның жетістігінен соң ерлер арасындағы саңлақтарымыз Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхард та барын салып бақты. Нәтижесінде медальдық дубль жасады. Колмаков барынша сәтті өнер көрсетіп, алтыннан алқа тағынса, Рейхард күміс медальды иеленді. Бірден айта кетейік, бұл Универсиадада қазақстандық спортшылар өте сәтті өнер көрсетуде. Бұған дейінгі Универсиадаларда алған жүлделерден салыстырмалы түрде қазірдің өзінде асып түсті. Алда әлі бір апта бар екенін бағамдасақ, тағы да бірнеше медаль сыңғырын еститін сияқтымыз. Қазақ командасы 5 алтынмен екінші орында тұр.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support