Көктем суреті

0
231

Қуандық ШОЛАҚ

Көңілімнің төрінен мұң ескен,

Қожыр құз мелшиіп төнеді.
Шуақтың нұр түсі сірескен,
Қасат қар көбесін сөгеді.

Жасқана қарайды көктен күн,
Бұлттардың кемсеңдеп иегі.
Ақшуақ, көгілдір көктемнің
Сүп-сүйрік саусағын сүйеді.

Керемет күйге орап даланы,
Алады жып-жылы жел демін.
Бөріткен жусанның балағы
Айтып тұр жас көктем келгенін.

Қырлардың көрпесін шұрқ тескен
Көшеді керуендей тарғыл бұлт.
Тершіген маңдайын сүртпестен,
Бәйшешек келеді қарды үңгіп.

Елжіреп, елігіп, саңы ауып,
Шуағын шашады бөрте көк.
Етектен басталған жаңалық
Төске өрлеп барады ентелеп!

Пікір:

Please enter your comment!
Please enter your name here