- Advertisement -

Он екі жоба аясында

96

- Advertisement -

Сарыкемер ауылындағы әл-Фараби атындағы Мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалының кезекті ХV есеп беру-сайлау конференциясына «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов, партия аудандық филиалы саяси кеңесінің депутаттық фракция аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен бірқатар мекемелердің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, кәсіпкерлер, бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Конференция отырысында алдымен «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мұратхан Шүкеевтің аудандық партия филиалы саяси кеңесінің 2012-2014 жылдар аралығында атқарған жұмыстарының есебі туралы баяндамасы тыңдалды. Сондай-ақ, Мұратхан Жүнісәліұлы партия Доктринасындағы құндылықтарды іске асыру мақсатында партия Орталық аппаратымен ұсынылған он екі жоба аясында атқарылған ауқымды істерге тоқталды.
Конференция барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Шәметов, «Жастар орталығының» директоры Е.Мадияров, «Газ тарату» бастауыш партия ұйымының төрайымы Г.Дүйсенбековалар жарыссөзге шықты.
Мұнан кейін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі Б.Қарашолақов сөз алды. Бағлан Жиенәліұлы аудандық филиалдың есептік кезеңде атқарған жұмыстарына оң баға бере отырып, Елбасы Жолдауы, партия Жарғысындағы өзгерістерге, жалпы облыс аумағында атқарылып жатқан игі істерге тоқталып, партия мүшелерінің алдағы уақытта санын арттыру мен жасотандықтар туралы ой-пікірімен бөлісті.

Мұхтар Манекеев,
журналист.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support