- Advertisement -

Интеграция игілігі

98

- Advertisement -

Еуразиялық интеграция жайы бүгінде саясаткерлер, экономистер мен журналистер тарапынан жиі қозғалуда. Бұрындары тек Батыс мемлекеттеріне ғана тән болып көрінетін өзара ықпалдастық бүгінде еуразиялық кеңістікте де айрықша маңызға ие. Халықаралық қоғамдастық Қазақстанды бүгінде жаһандық үдерістерге беделді де ықпалды қатысушы ретінде таниды. Ең алдымен интеграциялық үдеріске қатысуда барлық елдер үшін тәуелсіздік пен саяси егемендік басты мәселе болып келеді. Бұрынғы кеңестік кеңістікте осы заманғы интеграциялық құрылымдарды құру көп ретте Еуразия халықтарының ғасырлар бойы келе жатқан берік тату көршілес және өзара сыйластық дәстүрлеріне негізделген болатын. Еуразиялық идея, еуразияшылдық, еуразиялық интеграция – қазіргідей дағдарыстың қауіп-қатерінен құтылудың, жаһандану үдерісіне әзірлікпен кірігудің бірден-бір ұтымды жолы болып табылады.

Еуразияшылдық дегеніміз – іштей топтастыру, бірлік деген мағынаны білдіреді. Өз мағынасы, өзінің табиғаты мен мәні жөнінде де ол солай болуы тиіс. Ал Еуразияның ұраны: “Ізгілік жасау немесе жақсылыққа, жарастыққа, парасаттылыққа ұмтылу”. Қазіргі заманның еуразияшылдығының сипаттамасы ретінде әртүрлі көзқарастар қалыптасып келе жатқанын атап өтуге де болады. Еуразияшылдықты тек оң мағынадағы құбылыс деп бағалаудан түбегейлі теріске шығаруға дейінгі аралықтағы пайымдауларды ғылыми әдебиеттерден кездестіреміз. Әрине, ол көзқарастардың бар немесе жоқ екендігіне қарамастан, өзара әрекеттесу мен ықпалдасу үдерістері объективті түрде жүріп жатқаны да белгілі.

ХХІ ғасырдың екінші онжылды­ғы­ның басында еуразиялық интеграция идеясы Біртұтас экономикалық кеңіс­тік­тің нақты келбетін иеленіп келеді. Ол біздің елдеріміз бен халық­та­ры­мыз­ды өркендеу мен игілікке бастай­тын сенімді жол ретінде өзінің тарихи болашағын дәлелдей алды.

 

Гүлнар Тілеуова,

Жылжымайтын мүлікті тіркеу

бөлімінің бас маманы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support