- Advertisement -

Астанада Азия нейрохирургтері конгресі өтті

77

- Advertisement -

Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығы тікелей Елбасы тапсырмасымен ашылғаны белгілі. Бүгінде орталық бұған дейін Орта Азия мемлекеттерінің ешқайсысында қолданылмаған қырықтан астам жаңа медициналық қондырғылармен жарақтандырылған. Осы салада қазақстандық мамандардың аз-ақ жылда зор табыстарға қол жеткізуі Астанада Азия нейрохирургтерінің Х конгресі өткізілуіне негіз болып отыр. Конгресс жұмысына 50-ден астам жақын және алыс шетел мемлекеттерінен жетекші нейрохирургтер қатысып, тәжірибелерін ортаға салды.

Бұл туралы кеше Орталық телекоммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Серік Ақшолақов баян етті.
Оның айтуынша, Азия мейірбикелерінің үшінші конгресі де осы басқосу аясында өткізілген. Азия, Еуропа, Америка құрлықтарынан келген жетекші нейрохирургтердің шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, бұдан тыс түрлі ми сырқаттарының алдын алу және емдеу жолдары жөнінде 300-дей баяндама жасалуы медицинаның жалпы Азия елдерінде енді-енді ғана қолға алынып жатқан осы саласының дамуына жаңа серпіліс береді деп күтілуде.
Бүкіләлемдік нейрохирургтер ұйымдары федерациясының өкілдері Питер Блэк, Александр Коновалов, тағы басқалары еліміздегі нейрохирургия халықаралық деңгейге көтерілгенін, қазақстандық дәрігерлер тәжірибесі өздерінің қызығушылықтарын туғызып отырғанын атап өтіп, бұған дейін белгісіз болып келген, өмірімізге компьютерлік технологиялардың енуімен байланысты көбейе түскен ми сырқаттарының зерттелініп, емдеу жолдары қарастырылуы тұрғысындағы журналистер сауалдарына жан-жақты жауаптар берді.

Баймаханбет АХМЕТ, 

«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support